Дүниежүзілік WBO және IBF чемпионы, жеңіл салмақтағы жеңіліссіз қазақстандық Жанибек Алимханулы келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізетін болады, деп хабарлайды Caravan.kz.
Инсайдер Дэн Рафаэль өзінің Х (бұрынғы Twitter) аккаунтында қазақстандық чемпион үшін әлеуетті қарсылас белгілі екенін айтты.
«Дереккөздерге сәйкес, жеңіл салмақтағы төрт титулдың екеуінің иесі Жанибек Алимханулы сәуір/мамыр айларында Қазақстанда, Алимханулының туған жерінде, жеңіліссіз ағылшын Шакил Томпсонға қарсы титулды қорғау туралы келісімге жақын. Ол 2017 жылдан бері кәсіби бокста екінші жекпе-жегінен кейін Қазақстанда бокс жасаған жоқ. Томпсонның бірінші дайындық жекпе-жегі 7 ақпанда өтеді», — деп атап өтті Дэн Рафаэль.
Айта кетейік, Томпсонның «жеңілістер» графасында нөл болғанымен, ол WBO Global және IBF European аймақтық титулдарының иесі.
Инсайдер Алимханулының жекпе-жегі Қазақстанның қай қаласында өтетінін нақтылаған жоқ, алайда, Sport+ бұған дейін чемпионның промоутерлері — америкалық Top Rank 5 сәуірде Астанада бокс кешін ұйымдастыруды қарастырып жатқанын хабарлаған болатын.