Алматыда «Шымбулакте» фристайлдан әлем кубогының кезекті кезеңі басталды, деп хабарлайды Caravan.kz.
Алғашқы күні жекелей могул бойынша медальдар сарапқа салынды. Ауа райы бағдарламасына өз әсерін тигізіп, финалдық жарыстарды өткізуге мүмкіндік бермеді.
Сондықтан әйелдер арасында финал-1 және ерлер арасында квалификация нәтижелері бойынша орындар бөлінді.
Жеңіс канадалық Микаэль Кинсбери мен Тесса Джонсонға берілді. Қазақстандықтар осы ерекшелікті ескере отырып, Топ-10-да келесі орындарды алды: Анастасия Городко — 6 орын, Юлия Галышева — 7 орын, Павел Колмаков — 5 орын. Басқа қазақстандық спортшылар үздік 10-дықтан тыс қалды.