Қазақстандық Анастасия Городко 2025 жылғы қысқы Универсиаданың бірінші күні фристайлдың жеке могулінен алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Caravan.kz.
Шешуші финалда Городко бұдырлы трассаны өту техникасын және күрделі секірістерді тамаша көрсетті, соның арқасында 79,79 балл жинап, алтын жүлдеге ие болды. Финалдың тағы бір қатысушысы — ұлттық құраманың ту ұстаушысы Аяулым Амренова 70,52 балл жинап, 5-орынға тұрақтады.
Бірінші жарыс күнінен кейінгі ресми емес медальдік есепте Қазақстан 1 алтын медальмен 4-орында тұр.
Алдынғы орынды Франция құрамасы (3 алтын және 1 күміс) иеленді, үздік үштікті Финляндия (1 алтын, 1 күміс) мен Украина (1 алтын және 1 қола) толықтырды.
Екінші күні қазақстандықтар параллель могулде және басқа спорт түрлерінде медальдар үшін жарысқа қатысады.
Бұған дейін Городко фристайлдан жастар арасындағы әлем чемпионатында Алматыда алтын және күміс медаль жеңіп алып, жастар арасындағы әлем чемпионаттарында жеңіп алған жеке медальдарының санын 6-ға жеткізді.