Бұл туралы Caravan.kz спорт және дене шынықтыру мәселелері комитетіне сілтеме жасап жазады.
2025 жылдың 25 қаңтарында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жаңа лауазымға тағайындалды. Ол QAZAQSTAN RUGBY — Қазақстан регби федерациясының президенті болып сайланды.
Федерация балалар мен жастар регбиін дамыту, спортты насихаттау және инфрақұрылымды салумен белсенді түрде айналысуда. Федерацияның ең табысты бағыты әйелдер командаларын қолдау деп айтуға болады.
Қазақстанның әйелдер регби құрамасы қазіргі таңда әлемдік рейтингте 19-орынды иеленіп, халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсетуде. Ерлер мен жастар командалары да белсенді түрде дамуда.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жаңа басшысы болып Нұрсұлтан Сейдалиев тағайындалды.