"Интер Майами" және Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси болашаққа қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz .
Бұған дейін сегіз мәрте "Алтын доп" иегері "Барселонаға" оралады деп хабарланған болатын, алайда ESPN AR журналисі және инсайдері Клаудио бұл ақпаратты жоққа шығарды. Оның мәліметтері бойынша, Месси америкалық клубта қалуды жоспарлап, МЛС-те мансабын аяқтауды көздеп отыр.
Сонымен қатар "Интер Майами" мен "Барселона" арасында жолдастық матч өткізу мүмкіндігі қарастырылуда.
Естеріңізге сала кетейік, Месси 2023 жылдың жазында "Интер Майами" командасына қосылды. Оның клубпен келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін жарамды.
37 жастағы шабуылшы "Барселона" клубының тәрбиеленушісі, онда 2004 жылдан 2021 жылға дейін өнер көрсетті, 778 матч өткізіп, 672 гол соғып, 303 нәтижелі пас берді. Каталондық клубтан кеткеннен кейін Месси екі маусым француз "Пари Сен-Жермен" командасында ойнады.
Месси "Интер Майами" клубынан кеткеннен кейін жаңа клуб таңдады