Ирландиялық аралас жекпе-жек (ММА) жауынгері Конор Макгрегор америкалық блогер Логан Полмен жекпе-жек өткізуге намек жасаған пост жариялады, деп хабарлайды Lenta.ru.
«$ 250 млн. #МенКелемін», — деп жазды Макгрегор, әрі америкалық блогер Логан Полдың бокста бірнеше жекпе-жек өткізген суретін қосты.
Бұған дейін Макгрегор мен Полдың Үндістанда бокс ережелері бойынша жекпе-жек өткізетіні туралы ресми емес ақпарат тараған болатын. Бұл жекпе-жек кәсіби статусқа ие болуы мүмкін.
Макгрегор — жеңіл және жартылай жеңіл салмақ бойынша Абсолютті жекпе-жек чемпионаты (UFC) бұрынғы чемпионы. Ол ММА ережелерімен 28 жекпе-жек өткізіп, 22 жеңіс және 6 жеңіліс тіркеген. Соңғы жекпе-жегін 2021 жылы өткізіп, Дастин Порьеге жарақатпен жеңілді.
Пол 2021 жылдың жазында бес дивизионның бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер-младшиймен бокс ережелері бойынша жекпе-жек өткізді. Ол жекпе-жектің жеңімпазы анықталмады.