1 қаңтардан бастап португалиялық футболшы басқа клубтармен келіссөздер жүргізе алады, деп хабарлайды Sports.kz.
Роналду «Аль-Наср» клубында 2023 жылдың қаңтарынан бері ойнап келеді.
39 жастағы шабуылшы бұрын бірнеше рет Сауд Арабиясында өзін жайлы сезінетінін және командамен бірге трофейлерді жеңіп алуды жоспарлап отырғанын айтты.
Дегенмен, португалиялық футболшы басқа клубта мансабын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайтынын да мойындады.
Сонымен қатар, соңғы сұхбатында Роналду жаңа мақсатын жариялады — енді ойыншы ретінде емес: «Мен әлі өте жастымын, менде көптеген жоспарлар мен арман бар. Бірақ менің сөздерімді есте сақтаңыз: мен үлкен клубтың иесі боламын. Бұл сөзсіз».
Криштиану Роналду «Аль-Наср» командасында 83 матч өткізіп, 74 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді.