Жаңартылған рейтингте Кенжибаева 50 орынға көтеріліп, қазір 529-шы орында, деп хабарлайды Sports.kz.
Еске салайық, қаңтарда Сандугаш Кенжибаева Антальяда (Түркия) өткен «челленджерлерде» түрік Илай Йорюк, чех Элишка Тихачкова және неміс Йоэль Штойрмен жұптасып, жұптық разрядта үш титул жеңіп алды.
Сонымен қатар, тағы бір қазақстандық теннисші Асылжан Арыстанбекованың жетістігін атап өткен жөн: ол WTA рейтингінде жұптық разрядта 52 орынға көтеріліп, қазір 696-шы орында.
Ол Антальяда өткен турнирлерде де өнер көрсетіп, ең жақсы нәтижесі финалға шығу болды: ресейлік Дарья Шадчневамен жұптасып, шешуші матчта Кенжибаева мен оның соңғы серіктесіне жеңіліп қалды.