Түркия футбол федерациясының (TFF) хабарлауынша, Суперлига өкілінен тағы алты ұпай алынып тасталды, деп хабарлайды Sports.kz.
Бұл 2024/2025 маусымында ФИФА-дан Аданың өкіліне берілген екінші жаза. Бұған дейін жоғары футбол органы клубтан үш ұпайды алып тастаған болатын.
Айта кетейік, «Адана Демирспор» «Галатасараймен» өткен матчта алаңды тастап кеткені үшін TFF тарапынан үш ұпайға айыппұл салынды. Суперлигада соңғы орында тұрған командада қазір -3 ұпай бар. «Адана Демирспор» командасында Қазақстандық шабуылшы Абат Аймбетов өнер көрсетеді.