Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстандық теннисші жарқын жартылай финалдық матчта әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Мирра Андреевка 4:6, 6:4, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
Енді Рыбакина АҚШ-қа турнирлер сериясына аттанады. Наурыз айында Индиан-Уэллс пен Майамиде WTA 1000 категориясындағы екі апталық әйелдер «Мастерс» турнирі өтеді. Өткен жылы Майамиде Елена финалға шыққан болатын, онда америкалық Дэниель Коллинсқа жол берді.