Абсолютті әлем чемпионы Артур Бетербиев пен экс-әлем чемпионы Дмитрий Бивол арасындағы реванш жекпе-жегі 2025 жылдың ақпанында өтпейді, деп хабарлайды Caravan.kz.
Күтулі жекпе-жектің кейінге қалдырылғаны туралы ақпаратты Х әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) инсайдер Майкл Бенсон жариялады.
«Артур Бетербиевтің Дмитрий Биволға қарсы 2-ші жекпе-жегі 22 ақпанда өтпейді, себебі Бетербиевдің білегі жарақат алды. Даусыз реванш 2025 жылдың соңына ауыстырылды, ал Шакур Стивенсон мен Флойд Скофилд енді басты жекпе-жек болады», — деп хабарлады ол.
Бұған дейін Бивол бұрынғы жұбайымен болған дауға байланысты танымал болды.