2022 жылы Альварес Биволға судьялардың бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport24.
— Сен Биволмен реванш өткізгің келе ме?
— Иә, неге жоқ. Мен бұл нұсқаны ойымда ұстап отырмын. Маған осыны жасауға ниетім бар. Мен Бивол Бетербиевті жеңеді деп үміттенемін. Сол кезде, мүмкін, олардың үшінші жекпе-жегі болады. Бұл мен үшін қиын жағдай болар. Бірақ біз бәрін болашақта көретін боламыз, — деді Альварес.
Дмитрий Бивол мен ресейлік Артур Бетербиев 22 ақпанда Сауд Арабиясында жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы титулы үшін реванш өткізеді.