informkz.com

Түркістанда Woosong корей университетінің филиалын ашу мәселесі талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Оңтүстік Корея президентімен кездесуде Усонг университетінің Түркістан қаласында филиалын ашу бастамасына ерекше назар аударып, қолдау білдірді. Қазіргі уақытта университет ғимаратын салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
В Туркестане состоялось обсуждение открытия филиала корейского университета Woosong.

Осыған орай Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Оңтүстік Кореяның Халықаралық істер департаментінің деканы Сим Хэк Чжемен кездесті. Тараптар құжаттарды рәсімдеу және білім беру гранттарын бөлу мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

3

Әкімнің орынбасары ұйымдастыру жұмыстарын жеделдетуді және жобаны бірлесіп жүзеге асыруды ұсынды.

"Құрметті Түркістанға қош келдіңіздер! Біз бірнеше рет кездесіп, жүйелі түрде жұмыс істеп жатырмыз. Келесі кезең – лицензия алу. Сонымен қатар, университетті білікті кадрлармен және профессорлармен қамтамасыз ету, гранттарды бөлу және студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін қарастыру қажет. Министрлік және жергілікті атқарушы органдар білім беру гранттарын ұсынуға дайын. Университет ғимаратының құрылысын биыл аяқтау жоспарланған. Біздің облыста 1 мың мектеп бар, онда 500 мың оқушы білім алуда. Биыл 30 мыңнан астам оқушы түлек атанады. Біз Кореяның озық тәжірибесі Түркістан облысының білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеретініне сенімдіміз", – деді Бейсенбай Тәжібаев.
4

Кездесу барысында Сим Хэк Чже тығыз ынтымақтастыққа және барлық мүмкін нұсқаларды қарастыруға дайын екенін білдірді. Ол сондай-ақ университеттің бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін бар күш-жігерін салатынын айтты.

Woosong университетінде "Жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау", "Бағдарламалық қамтамасыз ету", "Төртінші әлемдік IT-индустриалдық революция", "Мультимедиа және веб-дизайн" факультеттері бойынша 2340 студентті оқыту жоспарлануда. Университеттің ашылуы биылға жоспарланған.

5

Бірлескен қазақ-корей білім беру мекемесін құру мақсатында Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 17 қабатты ғимаратты күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

6