Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев, Ресей Федерациясының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Татьяна Москалькова және Ингушетия Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Ибрагим Цечоев Астана қаласындағы колония-поселение мен тергеу изоляторын барып көрді.
Делегация құрамына сондай-ақ Астана қаласының прокурорының орынбасары Динмухаммед Шуйкебаев, ҚР Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы және Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері кірді. Визиттің мақсаты — Ресей Федерациясының азаматтарын осы мекемелерде ұстау шарттарын зерттеу және сотталған азаматтармен жеке қабылдау өткізу болды. Қонақтарға Қазақстан заңнамасына сәйкес сотталғандардың жазасын өтеу тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, мекеме бойынша экскурсия ұйымдастырылып, ұстаудағы азаматтардың құқықтарын сақтау қамтамасыз етілді. Визит барысында Татьяна Москалькова сотталғандардың тұрмыс жағдайларымен танысты: колония-поселениеде ол асхананы және сотталғандардың тұратын бөлмелерін аралады.