"Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы "Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы" және Қазақстанның "Халық партиясы" қоғамдық бірлестігінің Бюросының шешіміне сәйкес, вакантты мандат Нұралин Асылбек Жамашұлына берілді", – деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Гаухар Танашеваның өкілеттіліктерін тоқтату туралы шешім қабылдады.
"23 желтоқсан 2024 жылғы № 27 Қазақстанның "Халық партиясы" қоғамдық бірлестігінің Бюросының қаулысына сәйкес Танашева Гаухар Шаймерденқызының Мәжіліс депутаты ретінде өкілеттіліктерінің тоқталғанын мойындау", – делінген Орталық сайлау комиссиясының сайтындағы хабарламада.
Жаңа депутатының өкілеттіліктері тіркелген сәттен бастап күшіне енді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нурлан Абдиров Асылбек Нұралинге куәлік пен белгі табыстап, депутаттық корпус құрамында табысты жұмыс тілеп өтті.
Мандатты беру туралы шешім 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 27 Қазақстанның "Халық партиясы" қоғамдық бірлестігінің қаулысына негізделді.
2025 жылғы 14 қаңтарда ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне Айбек Сыдықов тағайындалды.