Қасым-Жомарт Тоқаевты Абу-Даби әуежайында БАӘ вице-президенті шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян мен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Мемлекет басшысы БАӘ президенті шейх Мухаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ Эмираттардың іскерлік ортасымен бірнеше кездесулер өткізеді.
Бұған дейін Тоқаев ақпаратқа қол жеткізу және мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойғаны хабарланған болатын.