Ресми жариялаудан мынадай мәліметтер алуға болады:
"Мемлекет басшысының жарлығымен Мирзагалиев Магзум Маратович Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды".
Бұл лауазымды бұған дейін Болат Ақчулаков атқарған.
Магзум Мирзагалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматыда дүниеге келген.
1999 жылы "Туран" университетін халықаралық экономист мамандығы бойынша бітірді. 2003 жылы – Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясын тәмамдады. 2010 жылы – Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетін аяқтады. АҚШ пен Малайзияда тағылымдамадан өтті.
Еңбек жолын "Жартас" ЖШС менеджері ретінде бастады.
2001 жылы Қазақстандағы Теңіз кен орнында MI Drilling Fluids International (Schlumberger) компаниясының бұрғылау ерітінділері инженері лауазымына қабылданды.
2002 жылы Schlumberger компаниясының Қазақстан филиалының Батыс Сібірдегі кен орындарына арналған мансаптық өсу бағдарламасына таңдалды. Қазақстанға оралғаннан кейін бизнесті дамыту менеджері ретінде жұмыс істеді, кейін MIDrillingFluidsInternational компаниясының Қазақстандағы филиалының басшысы болып тағайындалды.
2007-2010 жылдары "ТенизСервис КазМунайГаз" компаниясының бас директоры болды.
2010-2012 жылдары "КазМунайГаз" компаниясының басқарушы директоры қызметін атқарды.
2012-2013 жылдары "КазМунайГаз" компаниясының инновациялық даму және сервис жобалары жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары болды.
2013 жылы мемлекеттік қызметке шақырылып, мұнай және газ вице-министрі лауазымына тағайындалды.
2014 жылдың 13 тамызынан 2019 жылдың маусымына дейін энергетика вице-министрі қызметін атқарды.
2019 жылдың маусымынан 2021 жылдың 8 қыркүйегіне дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі болды.
2021 жылдың 9 қыркүйегінен президенттің жарлығымен энергетика министрі болып тағайындалды.
2022 жылдың 5 қаңтарында үкіметпен бірге қызметінен босатылды.
2022 жылдың сәуірінен 2024 жылдың мамырына дейін "КазМунайГаз" компаниясының басқарма төрағасы болды.
Сонымен қатар, Тоқаевтың тағы бір жарлығымен Рустам Баялиев Президент әкімшілігінің өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы лауазымынан босатылды.