Қазақстан президенті өз телеграммасында Сербияның Балқан түбегіндегі тұрақты даму, инфрақұрылымдық прогресс және мәдени мұра үлгісі екенін атап өтті.
"Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген берік ниетін растады", – делінген Ақорда хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев президент Александр Вучичке ең жақсы тілектерін жеткізіп, серб халқына гүлдену тіледі.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Архивінің жаңа ғимаратын аралады.