Бұл туралы 2025 жылғы 9 қаңтарда біздің президентіміздің баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Мұхаммед бен Заид Аль Нахайянның шақыруымен 14-15 қаңтарда "Абу-Даби тұрақты даму апталығы" саммитінің жұмысына қатысады", – делінген Ақорда телеграм-арнасында жарияланған хабарламада.
2023 жылғы қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барған болатын. Сол кезде Қазақстан президенті "Абу-Даби тұрақты даму апталығы" саммитінің ашылу салтанатына қатысты.