2003 жылдан бері өткізіліп келе жатқан халықаралық шара, биыл "Диалог, дипломатия және әртүрлілік" (Diplomacy, Dialogue and Diversity) ұраны аясында өтеді.
"Катар астанасында өтетін шара барысында геополитика, экономикалық даму, жаңа технологиялар, жасанды интеллект, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі сияқты өзекті мәселелер талқыланатын болады. Сондай-ақ, бар мәселелерді шешу бойынша пікір алмасу жүргізіледі", – делінген Ақорда хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 6 желтоқсанында Катарға жұмыс сапарымен келді.
Қазақстан президенті бұған дейін Power International Holding компаниясының иелері Муатаз Аль-Хаят және Рамез Аль-Хаятпен кездесулер өткізді. Сонымен қатар, Катардын әмірі шейх Тамим бен Хамад Аль Тани мен кездесулер жоспарланған.