Ресми мәлімдемеде король Абдалла II бен аль-Хусейннің шақыруымен Тоқаев 18-19 ақпанда Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен баратыны айтылған.
“Сапар барысында екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді”, – деп атап өтті президенттің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Тоқаевтың елдегі заңдылық жағдайы және бақылау қызметінің басым бағыттары бойынша жұмысының қорытындылары туралы бас прокурордың есебін тыңдағаны хабарланған.