informkz.com

Ерлан Карин: Мемлекет қабылдаған шаралардың нәтижесінде балалар арасындағы суицид жағдайлары айтарлықтай азайды.

Ақордада мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің төрағалығымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдерге қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактика мәселелері бойынша кеңес өтті.
Ерлан Карин: Благодаря мерам, предпринятым государством, значительно уменьшилось количество случаев детского суицида.

Іс-шараға білім министрі, ғылым және жоғары білім, денсаулық сақтау, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, ішкі істер, Бас прокуратура, Президент әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.

Мемлекеттік кеңесші қазіргі уақытта мемлекет тарапынан балаларды қорғау бойынша бірқатар тиімді шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Атап айтқанда, мектеп психологтарының, әлеуметтік педагогтардың және психологиялық қолдау орталықтарының кадрлық құрамы күшейтілді, оқу орындарында "111" қызметінің QR-коды әзірленіп, енгізілуде, "Кибернадзор" жүйесі арқылы зиянды интернет-мазмұн жойылуда.

Ерлан Карин өткен жылы мемлекет қабылдаған жедел және стратегиялық шаралардың нәтижесінде балалар арасындағы суицид жағдайларының айтарлықтай төмендегенін атап өтті.

Осы орайда Мемлекеттік кеңесші бұл бағыттағы жұмысты үйлестіруді жалғастыруды және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша одан әрі шараларды әзірлеуді тапсырды.