Инцидент туралы аймақтағы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Жағдай трагедиямен аяқталуы мүмкін еді, бірақ кездейсоқ өтіп бара жатқан адамның назар аударуының арқасында бәрі жақсы аяқталды. Бұл балалардың қауіпсіздігі туралы сөз болғанда, сақ болу мен жауапкершіліктің маңыздылығын тағы да еске салады", – деп атап өтті құқық қорғаушылар.
Полиция қызметкерлері бала ата-анасын іздеуге дереу кірісті. Нәтижесінде қыз бала қобалжыған анасына қайтарылды.
2025 жылдың 1 наурызында Петропавлда стулдан құлап, көзіне пышақ қадалған үш жасар ұл баланың қайтыс болғаны туралы хабарланды. Балаға қатысты қайғылы жағдай 2024 жылдың желтоқсанында орын алды, дәрігерлер екі айдан астам уақыт бойы оның өмірі үшін күресті. Ол реанимацияда қайтыс болды.