Құрылыс немесе тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Оқиға нәтижесінде төрт жұмысшы аудандық ауруханаға жеткізілді. Екі зардап шегуші травматология бөлімшесіне жатқызылды, бір науқас үйіне қайтарылды, ал бір науқас ауыр жағдайда реанимацияда жатыр. Барлық зардап шегушілерге толық көлемде медициналық көмек көрсетілуде", – деп хабарлайды Astana TV Храмтау аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Людмила Волненко.
2025 жылғы 28 ақпанда Ақтөбеде тау-кен байыту комбинатында төтенше жағдай орын алды. "ТНК Казхром" АҚ-ның Дон тау-кен байыту комбинатында құлау болмай, сутегі бөлініп шықты. Термиялық күйікпен төрт адам ауруханаға жеткізілді.