Полиция әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтады, деп жазады lada.kz.
"Казнетте жарияланған видеода Bentley, Mercedes Benz және Porshe автокөліктерінің жүргізушілері 5-ші және 6-шы микрорайондар арасында жолда би биледі", – деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Нәтижесінде автокөлік иелеріне хаттамалар толтырылып, элиталық маркалы машиналар айыппұл тұрағына жіберілді.
Бұған дейін Алматыда жолда дрифт жасаған батыл жүргізуші ұсталды.