Өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды. Нәтижесінде от 0,2 шаршы метр аумақты қамтыған шыршаны шарпыды.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына бірнеше минутта келді. От 18:13-те оқшауланып, 18:20-да толық сөндірілді. Зардап шеккендер болған жоқ.
Ведомство жаңа жылдық іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды.
Бұған дейін Алматыда жаңа жылдық шыршаның жағылғаны хабарланған болатын.