Өрт сөндірушілердің келуіне дейін 47 адам, оның ішінде 16 бала, өз бетімен көшеге шықты.
"Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында оттың таралуының алдын алуға мүмкіндік туды. Өрт орнына ҚР ТЖМ медицина қызметкерлері жұмыс істеді. Өрт 40 шаршы метр аумақта сөндірілді". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Анықталғандай, зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін Астанадағы пәтер иесі өрттен зардап шеккені туралы хабарланған болатын.