Құтқарушылар жүргізушілерге осындай жағдайлардың алдын алу үшін бірнеше кеңестер әзірледі. Ең алдымен, Шығыс Қазақстанның ТЖД автокөліктің ішінде өрт сөндіргішті әрдайым ұстауды ұсынады.
"Мерзімнің өтіп кетпеуін бақылау маңызды, яғни уақытында қайта зарядтау қажет. Өрт сөндіргіш оңай қолжетімді жерде болуы тиіс, "затты толтырылған жүксалғыштың түбінде" емес. Отты сөндіруге қажетті уақытты іздеуге жұмсамау үшін", – деп атап өтті департамент.
Егер автомобиль жолда өртене бастаса, мүмкіндігінше тезірек тоқтап, оталдыру жүйесін өшіріп, кілтті құлыптан шығарыңыз, ал автокөлікті "қол тежегішіне" қойыңыз. Барлығы көліктен шығып, дереу "101" немесе "112" нөміріне қоңырау шалыңыз.
"Капотты ішкі рычагпен ашып, өрт сөндіргішті алыңыз. Егер капоттың астынан от немесе қою түтін шығып жатса, оны ашпаңыз – оттегінің ағынын тудырып, оттың тез таралуына себеп боласыз. Отты сөндіру үшін өрт сөндіргіштің насосты бөлігін капот пен радиатор торының арасындағы пайда болған саңылауға бағыттаңыз. Қолғап киіңіз, капотты толық ашып, отты толық сөндіріңіз, қайта өртенудің алдын алу үшін аккумулятордың клеммаларын алыңыз", – деп кеңес берді құтқарушылар.
Шығыс Қазақстанның ТЖД өз көлігіңізді оттан қорғау үшін, автомобильдің техникалық жағдайын мұқият бақылап, уақытында техникалық қызмет көрсетуді өткізу қажет екенін ескертеді. Қысқы кезеңде самодельді жылыту құралдарын, ТЭН-дерді немесе паяльная лампаны пайдаланбау керек.
Айта кетейік, 2024 жылы Шығыс Қазақстанда 116 автокөлік өрт оқиғасы орын алды.
Бұған дейін Жамбыл облысында көліктермен жүк таситын автотиегіштің өртенгені туралы хабарланған болатын.