ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, өткен күні ер адам Алатау ауылынан мал іздеуге атпен шығып, қайта оралмаған. Қауіптенген туыстары құтқарушылардан көмек сұраған.
“Құтқарушылар іздестіру аймағын кеңейту үшін түнгі көру камерасы мен жылу бейнекамерасы бар дронды көтерді, бұл зардап шеккендердің орналасқан жерін дәл анықтауға көмектеседі. Таңертең қойшы табылды”, – делінген хабарламада.
Құтқарылған адамның жағдайы тұрақты екендігі атап өтілді. Оны елді мекенге жеткізді.
Бұған дейін Алматыда құтқарушылар мен полиция контрафактті пиротехниканы іздеп жатқаны хабарланған.