informkz.com

Актобеде жоғалған ер адам табылды.

Т. Жургенов ауылындағы құтқару қызметіне Ақтөбе облысының Айтекеби ауданынан ер адам хабарласып, 34 жастағы туысының түскі уақытта мал іздеп, атпен шыққанын және қайта оралмағанын жеткізді.
Пропавшего мужчину обнаружили в Актобе.

Іздеу-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері, полиция қызметкері және жоғалған ер адамның туысы шықты.

"Іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 1991 жылғы ер адам "Камка" қыстауында аман-есен табылды. Медициналық көмекке мұқтаж емес екенін айтқан ол, жолды іздеп жүргенде адасып кеткенін жеткізді. Сондай-ақ, құтқарушыларға алғыс айтты", – деп хабарлады ведомство.

Бұған дейін жоғалған малшыны Қостанай облысының құтқарушылары тауып алған.