Карағанды полициясы алаяқтық күдігімен 63 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі. Қаланың бір базарында, сары май сатып алу сылтауымен, сатып алушы 20 мың теңгелік сувенирлік банкнотпен есеп айырысқан.
"Ұсталған адам мойындау көрсетпелерін берді. Заттай дәлелдер алынды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде", – деп хабарланады хабарламада.
Қазіргі уақытта полиция күдіктінің басқа ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.
Жақында Қазақстанның ТЖМ 52859 әскери бөлімінің екі командирі Карағандыда қатардағы сарбаздарды тегін еңбек күші ретінде пайдалануына байланысты қызметтерінен босатылды.