Мүмкін, туыстары жастың қолынан Free Fire ойнап жатқан ұялы телефонды тартып алған. Түнді күтіп, астаналық жігіт пышақ алып, әрбір ұйықтап жатқан туысының тамырын кескен. Бір адам сол жерде қайтыс болды, үшеуі – ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.
"21 жастағы астаналық күдікті ұсталып, ИВС-ке қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжалды туыстарының оған айтқан ескертпесі туындатқан. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деп хабарлады Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін полицейлер Алматы облысында өзін-өзі өлтірмек болған қыздың өмірін құтқарды. Мүмкін болатын трагедия туралы құқық қорғаушыларға ауыл қызының досы хабарлаған.