Оқиға туралы ақпарат пен бейнемазмұнды куәгерлер бөлісуде. Жол ақысы терминалдарының алдында ауыр апат болғаны туралы хабарланды.
Бейнемазмұннан көрініп тұрғандай, кемінде 10 автокөлік зақымданған. Кадрларда өте қою тұманның бар екені байқалады, бұл, мүмкін, соқтығыстың бір себебі болған.
Алматы облысының полициясы жол-көлік оқиғасы бойынша пікір дайындап жатыр.
Сонымен қатар "КазАвтоЖол" оқиғаның кейбір мәліметтерін жариялады.
"2025 жылдың 15 қаңтарында, сағат 07:30 шамасында Алматы – Өскемен автожолының 28-ші шақырымында (Алматы – Қонаев бағытында) 18 көлік құралдарының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат қою тұман жағдайында болды. Алдын ала ақпарат бойынша, апаттың себебі жүргізушілердің жылдамдық режимін және шектеулі көріну жағдайында қауіпсіз қашықтықты сақтамауы", – делінген түсініктемеде.
Апат нәтижесінде қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ екендігі атап өтілді. Оқиғаның мән-жайлары нақтылануда.
2025 жылдың басында Астана – Петропавловск жолында 95 автокөліктің қатысуымен ауыр жаппай жол-көлік оқиғасы болды.