24KZ телеарнасының мәліметтері бойынша, онда бруцеллез ошағы анықталды. Зоонозды инфекция бір ауылдағы шаруашылықта 95 бас ірі қара малдан табылды. Жануарлар дереу сойылуға жіберілді. Қалған сиырлар бақылауда.
“Жануарларды шығару мен айдап өткізуге тыйым салынған”, – делінген жаңалық сюжетінде.
Оқиғаға облыстық ветеринария басқармасының басшысы Төлеген Иманбаев пікір білдірді.
“Бұл шаруашылықта бүгінгі күні ошақ ашылды және республикалық эпизоотиялық отрядпен зерттеу жүргізіледі. Біз екі мәрте теріс нәтиже алғанша, әр 15-20 күн сайын қан алатын боламыз”, – деді ол.
Ал Қызылорда облысында екі ер адам сайгактарды заңсыз аңшылық жасағаны үшін сотталды.