Vanguard газеті хабарлағандай, жарылыс бензовоздан ағып жатқан отынды жинап жатқан адамдардың қасында болған кезде орын алды.
"Отынға барғандар, оларды құтқаруға ұмтылғандармен бірге, жалынға оранды", – деді Цуквам.
Нигер штатының ТЖ агенттігінің (NSEMA) бас директоры Альхаджи Абдуллахи Баба-Арахтың айтуынша, қазіргі уақытта жарылыс орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, басылым зардап шеккендердің ауруханаға жеткізілгенін нақтылады.
"Зардап шеккендер емделу үшін ауруханаға жеткізілді, қаза тапқандардың денелерін шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде", – деп атап өтті Абдуллахи Баба-Арах.
Бұл уақытта бірнеше БАҚ, шын мәнінде, 70 адамның қаза тапқанын хабарлап жатыр.
2024 жылдың 15 қарашасында Нигерияда осындай жағдай орын алды. Сол кезде кемінде 94 адам қаза тауып, 50 адам жарақат алды.