Барлығы қала шетінде кешке болды, деп хабарлайды КТК. "Қызылжар су" кәсіпорнының монтажшылар бригадасы кәріз коллекторында ескі құбырды ауыстырды. Жұмысшылардың бірі бетон құбырына отбойный молотокпен соққы берген сәтте, искра шықты. Алдын ала болжам бойынша, осы искра жарылыстың себебі болды. Жараланғандарды жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізді. Ең үлкені 58 жаста, ең кішісі – 29.
"Олардың төртеуі "бет терісінің термиялық күйігі" бірінші-екінші дәрежесімен 3% жалпы алаңмен ауруханаға жатқызылды. Бүгінгі күні жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта. Бір науқас "құлақ қалқанының термиялық күйігі" диагнозымен үйіне жіберілді, яғни алғашқы медициналық көмек көрсетілді, әрі қарай поликлиникада бақылауда болады". Петропавл қаласындағы көпсалалы аурухананың бет-жақ хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Қайрат Мажитов
Медициналық қызметкерлердің айтуынша, бес адам да жақсарып келеді.
Еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ зардап шеккендердің жұмыс істеген кәсіпорнында қызметкерлер қауіпсіздік техникасын сақтағанына сенімді.
"Газ анализаторы тек 30 минут, мүмкін 40 минут жұмыс істеді. Мен минуттарда қателесіп кетуім мүмкін, бірақ газ болған жоқ. Ескі құбырды демонтаждау кезінде искра шықты, және сол ескі құбырдан, қандай да бір газдың қалдықтары болды. Кәріз – бұл тіршілік әрекетінің өнімі. Бұл өнімдердің шіріуі жүреді, содан газ пайда болады. Бұл газ кез келген уақытта шығуы мүмкін". ТОО "Қызылжар су" бас директоры Жеңіс Сұлтанов
Бұған дейін Сириядағы жарылыста жеті адамның қаза тапқаны хабарланған.