Павлодар-онлайн хабарлайды, Камзин көшесінде қайғылы оқиға орын алды. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері қыздың өлімін растады.
“Шақыру 13 қаңтарда 17:47-де түсті. Шақыру себебі – биіктіктен құлау. Оқиға орнында 2004 жылы туған қыздың өлімі расталды”, – деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
Полиция оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтап жатыр. Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
2025 жылдың 13 қаңтарында бала Павлодардағы ТРЦ-дегі аттракционнан екі қабат төмен құлап кетті.