Улытау облысының полиция қызметкерлері Астана тұрғынына Жанаркин ауданындағы кафелердің бірінде ұмытып кеткен ақшасы бар сөмкесін қайтарып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Polisia.kz Telegram-арнасының мәліметіне сәйкес, жаңа жылдық бақытты оқиға Зарина есімді қазақстандықпен болды.
“Жезказғанға бара жатып, ол Жанаркин ауданындағы кафелердің бірінде үлкен сомадағы ақшасы бар сөмкесін ұмытып кеткен. Жолда жоғалтқанын білген астаналық қыз дереу полицияға жүгінді”, – делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері хабарламаға жедел жауап беріп, жоғалған сөмкені қысқа мерзімде тауып, иесіне қайтарғаны түсіндірілді.
Облыс полиция департаменті ақшаның сомасы миллион теңгеден асқанын атап өтті.
Қыз полиция қызметкерлеріне кәсібилігі мен жеделдігі үшін шын жүректен алғысын білдірді.
Жаңа жыл түні Көкшетауда ірі ұрлық жасалды
Естеріңізге сала кетейік, Алматы полициясы қазақстандықтарға әлеуметтік желілерде өз сапарлары туралы жазбау жөнінде кеңес берген болатын. Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Азирбектің айтуынша, бұл ақпаратты қылмыскерлер пайдаланып кетуі мүмкін.
Маңызды жаңалықтарды WhatsApp-ыңызға алу үшін мұнда басыңыз