Әйел Алматыдағы Аль-Фараби даңғылында аударылуымен болған жол апатында қаза тапты. Оқиға орнынан түсірілген видеоны Tengrinews.kz редакциясына оқырмандар жіберді.
Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі хабарлағандай, жол апаты бүгін таңғы 5:30-да Алматының Бостандық ауданында орын алған.
"20 жастағы Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі Аль-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Каратаев көшесімен қиылысқанда басқаруды ұстай алмай, жолдың солтүстік жиегіне шығып, бордюрге соқты. Содан кейін, қозғалысын жалғастырып, тротуарға шығып, 39 жастағы әйелге соқтығысты, одан кейін жарнама щитінің тірегіне соқтығып, төңкеріліп кетті", - деп хабарлады Алматы полициясы.
Қайғылы жағдайдың нәтижесінде жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Автокөлік жүргізушісі мен оның жолаушысы қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанайда мас күйдегі ер адам қоршауға соқтығып, жол апатының салдарын TikTok-қа жариялаған болатын.