2023 жылдың 17 қаңтарында Астана уақытымен 22:08-де сейсмологтар Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 220 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан.
Жетісу облысында, Жаркент қаласында (Панфилов ауданы) жер сілкінісінің дүмпуі 2 балл болды. Алматы облысында Чунджа ауылында (Ұйғыр ауданы) да 2 балл тіркелді.
ТЖМ-ге жапа шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер түскен жоқ.