Жапония Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қарсы қосымша санкцияларды енгізуді мақұлдады. Жапон шектеулері Қазақстанның бір ұйымын да қамтыды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Nikkei-ге сілтеме жасап.
Бұл ақпарат Жапония министрлер кабинетінің отырысында белгілі болды. Экспортқа тыйым салынған тауарлар тізіміне 335 позиция қосылды, олардың ішінде кран қозғалтқыштарына және басқа арнайы жабдықтарға арналған бөлшектер, сондай-ақ кіші мотоциклдер бар, бұл Ресейдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруы мүмкін.
Сонымен қатар, химиялық қару жасау үшін пайдаланылуы мүмкін капсаицин сияқты химиялық заттарға да тыйым салынды.
Бұл тауарлардың экспортына тыйым 23 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Үкімет шешімінде санкцияларды айналып өтуге Ресейге көмектескен күдікті алты елдің 31 ұйымына экспортқа тыйым салу енгізу қарастырылған. Бұл топтар Қазақстанда, Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ), Қытайда, Қырғызстанда, Тайландта және Түркияда орналасқан.
Санкцияларға ұшыраған ұйымдардың атаулары есепте көрсетілмеген. Осыған байланысты біз Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне қосымша ақпарат алу үшін сұрау жібердік.
Сонымен қатар, мұздатылатын активтер тізіміне Ресейден 11 жеке тұлға, 29 ұйым және 3 банк қосылды. Сондай-ақ, активтерді мұздату бір шетелдік жеке тұлға мен бір банкке де қатысты болады.
Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Есимаса Хаяши баспасөз конференциясында Жапония Украина төңірегіндегі жағдайды шешуге халықаралық қауымдастықпен, соның ішінде жеті ірі экономика елдері тобы (G7) бойынша ынтымақтастық жүргізе отырып, өз үлесін жалғастыратынын айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық компаниялар Ұлыбританияның санкцияларына іліккен еді.
Маңызды жаңалықтарды WhatsApp-та алу үшін мұнда басыңыз