76 жастағы американдық әйелдің "12-ші аптада жүкті" екендігі туралы видеосы әлеуметтік желіде вирусқа айналды. Әйелдің шөбересінің айтуынша, ол баланы туғысы келеді, деп хабарлайды Tengri Life The Sun-ға сілтеме жасап.
Қарт әйел ауруханаға бас айналуға шағымданып барған, бірақ ол 12-ші аптада жүкті екенін біліп, ана болатынын хабарлады.
Бұл жаңалық әлеуметтік желілерде шөбересінің видеосы жарияланғаннан кейін үлкен шу тудырды. Адамдар бұл қалай мүмкін екенін білгісі келеді.
Қыз дәрігердің прабабасына жүкті екендігі жөніндегі шокирующи жаңалықты хабарлап жатқан сәтті бейнеге түсірді.
"Біз сіздің зәр анализіңізді алдық, және сіз шынымен жүкті екенсіз," - дейді дәрігер. - "Не?" - қарт әйел құлағына сенбеді.
Егер дәрігерлер қателеспесе және егер американдық әйел баланы тастамаса, онда ол әлемдегі ең жасы үлкен ана атанып, рекорд орнатуы мүмкін.
Шөбересінің айтуынша, оның видеосы төрт күнде 40 миллионнан астам қаралым жинаған, бала биылғы жазда, шілдеде дүниеге келуі тиіс.
Медициналық тәжірибеде 70 жастан асқан әйелдердің бала туған жағдайлары белгілі. Олардың барлығы ЭКО процедурасынан кейін жүкті болған.
Гиннестің рекордтар кітабына сәйкес, табиғи жолмен жүкті болған ең жасы үлкен ана - 59 жаста баласын дүниеге әкелген Дон Брук.
Біз 62 жастағы Қытай тұрғынының түрлі ауруларға қарамастан, дені сау бала туғаны туралы хабарлаған болатынбыз.