Театр және кино актрисасы Барбара Рыльска 89 жасында қайтыс болды. Кейбір БАҚ оны басқа танымал поляк актрисасы - Барбара Брыльскаямен шатастырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Onet басылымына сілтеме жасап.
Актрисаның өлімі туралы Польшаның театр актерлері ассоциациясы хабарлады.
Артист 11 қаңтарда, 89 жасқа толар алдында, дүниеден озды. Толық мәлімет берілмеген.
Барбара Рыльска - театр, кино және телевизия актрисасы, әнші, оны жиі "поляк Марлен Дитрихі" деп атайтын.
Рыльска 1936 жылдың 20 қаңтарында Варшавада дүниеге келген. Ол киноға көп түсті және "Квадрат" театрымен тығыз байланыста болды.
Актрисаның соңғы экранға шығуы 2000 жылы болды.
Барбара Рыльска көптеген фильмдерде, соның ішінде культтік "Особо опасен, разыскивается" фильмінде рөл атқарды. Сонымен қатар, ол "Жильцы" және "Приемная семья" сияқты танымал сериалдарда да көрінді.
Маңызды жаңалықтарды WhatsApp-ыңызға алу үшін мұнда басыңыз