Казгидромет синоптиктері 4, 5 және 6 наурызда Қазақстандағы ауа райы туралы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның ауа райына Баренц теңізі аудандарынан келген циклон әсер етеді, елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтілуде. Қазақстанның кейбір өңірлерінде тұман, мұз, төменгі қар бұрқасығы, екпінді жел болжануда.
"Батыста, солтүстік-батыста ауа температурасының түнде 0-8 градус аязға дейін, солтүстікте, орталықта 5-15 градус аязға, шығыста 7-18 градус аязға, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 8 градус аяздан 2 градус жылуға дейін көтерілуі күтілуде", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Казгидромет синоптиктері 2025 жылдың наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын. Метеорологтар көктемнің бірінші айы жылы және жауын-шашынды болатынын айтады. Ауа температурасы Қазақстанның барлық аумағында нормадан 2 градусқа жоғары болады деп болжануда. Наурыз айында жауын-шашынның мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан көп, оңтүстік-батыс, оңтүстік өңірлерінде нормадан шамамен болады деп күтілуде.
Қазақстан қалалары бойынша ауа райы болжамы
