Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Сатыбалдымен кездесуде Президент Әкімшілігінің бірінші орынбасары лауазымын енгізу себептерін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Мемлекет басшысы бірінші орынбасар лауазымының енгізілуі басқару процестерін жетілдіру, өңірлік өзара іс-қимылды нығайту, шешімдердің орындалуын бақылауды арттыру және оның тапсырмаларын орындау, сондай-ақ қабылданатын шаралардың сапасын жақсарту және азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін күшейту мақсатында жүзеге асырылып отырғанын атап өтті”, – делінген хабарламада.
Ақордада атап өткендей, Дархан Сатыбалдыға жаңа лауазымда орындауға тиіс негізгі міндеттер қойылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев және Дархан Сатыбалды. Ақорда баспасөз қызметінің фотосы
6 қаңтарда Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол Түркістан облысының әкімі қызметін атқарды.
Түркістаннан Ақордаға: Дархан Сатыбалды туралы не білеміз?
Түркістан облысының жаңа әкімі болып 2023 жылғы қаңтардан бері өңір әкімінің орынбасары қызметін атқарған Нуралхан Кушеров тағайындалды.
Айта кетейік, соңғы рет Президент Әкімшілігінің бірінші орынбасары лауазымын Тимур Сулейменов (қазіргі уақытта Ұлттық банк төрағасы) атқарды. Содан кейін құрылымда өзгерістер болып, бірнеше лауазымдар жойылды.
Ең маңызды жаңалықтарды WhatsApp-ыңызға алу үшін мұнда басыңыз