Алты жастағы Криштиану Роналду ұлы балалар командалары арасындағы матчта әкесінің танымал стилінде штрафнойдан гол соқты. Мадридтің "Реал" клубының форварды және Португалия құрамасының ойыншысы бұл голдың бейнесін Instagram парақшасында жариялады.
Роналду-младший серіктестерінің біріне жасалған фолдан кейін, доптан бірнеше қадам алыстап, әкесінің фирмалық позасына тұрып, бұрыштан жүгіріп барып, допты қақпаға тигізіп соқты. "Мен өз баламмен мақтанамын! Неше түрлі гол!" - деп жазды футболшы.
Айта кетейік, алты жастағы Роналду футболды екінші жыл ойнап жүр және, мүмкін, әкесінің жолын жалғастыруы ықтимал.
