Байқау Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды BaigeNews.kz Sport+ сілтемесімен.
Еркін бағдарламада Самоделкина судьялардан 129,39 балл алды. Жалпы есепте оның ұпайы 193,37-ні құрады. Бұл нәтиже оған жетінші орынды иеленуге мүмкіндік берді.
Алтын медальді Ким Че Ён (Оңтүстік Корея) жеңіп алды — 222,38. Екінші орын американдық Брэдди Тэннел (АҚШ) — 204,38-мен алды. Үшінші орынды Сара Эверхард (АҚШ) — 200,03-пен аяқтады.
Қазақстандық София Фарафонова 20-орынмен мәреге жетіп, 104,20 балл жинады.
Еске сала кетейік, бұған дейін алматинец төрт континент чемпионатын жеңіп алған болатын.