Кішкентай санитарлық Learjet 55 ұшағы Филадельфияда апатқа ұшырады. Ол тұрғын ауданға, сауда орталығының автотұрағына құлады. Бортта алты адам болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz CBS-ке сілтеме жасап.
Медициналық Learjet 55 ұшағы Филадельфиядан Миссури штатындағы Спрингфилдке бағыт алған, солтүстік-шығыс Филадельфия әуежайынан ұшып шыққан. Ұшақ қаладағы тығыз тұрғын ауданға, Roosevelt Mall сауда орталығының автотұрағына ұшып шыққаннан бірнеше минуттан кейін құлады.
АҚШ транспорт министрі Шон Даффи бортта апат кезінде алты адам болғанын хабарлады - төрт экипаж мүшесі, бала науқас және науқасты сүйемелдейтін адам. Компанияның мәлімдемесінде: "Қазіргі уақытта біз тірі қалғандардың бар-жоғын растай алмаймыз" делінген.
Жерде де бірнеше адам зардап шекті.
Қалалық билік өкілі ұшақтың бөлшектері бірнеше үй мен көліктерге тиіп, олардың өртенгенін хабарлады.
Кеше АҚШ-та тағы бір ұшақ апатқа ұшырады, ол вертолетпен соқтығысты. Бортта шамамен 60 адам болды. Олардың барлығы қаза тапты.
