Ресей Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарына отын жеткізу үшін магистральды газ құбыры салады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы Ресей Федерациясының үкіметінің 18 ақпандағы қаулысында айтылған.
Құжатта газ құбырының қуаты 10 миллиард текше метр, компрессор станцияларының қуаты 50 МВт болатыны көрсетілген.
2024 жылдың шілдесінде энергетика министрі Алмасадам Саткалиев үкімет солтүстік және шығыс Қазақстан аймақтарын газдандырудың екі нұсқасын қарастырып жатқанын мәлімдеді: "Сарыарқа" магистральды газ құбырын ұзарту және Ресейден газ құбыры салу.
2021 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің солтүстігін, атап айтқанда Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газбен толық қамтамасыз ету мәселесінің ерекше назар аударуды қажет ететінін атап өтті. Газдандыру бұл аймақтардың өнеркәсіптік дамуында елеулі серпін бере алады, оларды бизнес жүргізу және тұрмыс үшін тартымды етеді.
"Бұл мемлекеттік маңызы бар мәселе", – деп атап өткен болатын Президент.
