Қала басшысының айтуынша, халық санының өсуімен әлеуметтік нысандарға сұраныс та артып келеді.
"Сіздерге белгілі, біз әлеуметтік нысандардың құрылысын айтарлықтай арттырдық. Мысалы, жаңа оқу жылында 18 мектеп салынды. Олардың 11-і - мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Комфортты мектеп" ұлттық жобасы аясында," - деді астана әкімі Жеңіс Қасымбек.
Оқу орындары қаладағы барлық аудандарда, соның ішінде тұрғын массивтерде де салынып жатыр. Мысалы, желтоқсанда Уркер тұрғын массивінде жаңа үлгідегі мектеп ашылды. Оқу орны екі ауысымда 4 мың оқушыға арналған. Бүгінгі күні осы ЖМ-да №69 мектеп-лицейде балалар үш ауысымда оқиды. Осылайша, жаңа мектеп толып кету мәселесін шешеді. Балалар жаңа мектепте үшінші тоқсаннан бастап оқи бастайды.
Барлығы, "Комфортты мектеп" ұлттық жобасы аясында 2024 жылдан 2025 жылға дейін 24 жаңа форматтағы мектеп салынатын болады. Бұл оқу орындары екі ауысымда шамамен 90 мың оқушы орны құруға мүмкіндік береді.
Астанада ағымдағы жылдың соңына дейін тағы бірнеше мектеп ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, келесі жылдарға дайындық жүргізілуде. Мысалы, 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салу және пайдалануға беру жоспарланып отыр.